Бастауышым - балбұлағым - 2015жыл
1. Зарина :
Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!
Бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше күн. Ерекшелігі сол,осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып,білім алып, қанаттарын қатайтып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші :Әлижан:
Армысыздар, жиналған ата-ана, ұстаздар,
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қанат қақты,
4 жыл бойы оң-солын таныған жас.
1-жүргізуші :Әлижан:
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген - бір мұрат.
2-жүргізуші: Зарина
Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда .
Қол соғып,қошаметпен шақырайық
4-сынып оқушыларын ортамызға!
(Музыка "Чему учат в школе")
1-жүргізуші :Әлижан:
Армысыздар, жиналған ата-ана, ұстаздар,
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қанат қақты,
4 жыл бойы оң-солын таныған жас.
2-жүргізуші: Зарина
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен бойымызға,
Қош келіпсіз ұстаздар,ата-аналар
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
1-жүргізуші :Әлижан:
Шашу,шашу,шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
2-жүргізуші: Зарина:
Ән: Отырардағы той. Орындайтын: Маратқызы Нұршашқан
1-жүргізуші :Әлижан:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2-жүргізуші: Зарина:
Армысыздар, әжелер мен аналар !
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар,
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Ү
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>