Диктант
Қазақ этносында атадан балаға мирас болып келе жатқан әдептілік дәстүрінің бірі – ат тергеу, кісіге қосымша ат қою. Ат тергеу – бұл кісіні қастерлеп, оны өз айтылуында атамай, құрметтеп атау, оны сыйлау, қадір тұтып ардақтау. Ат тергеуді төрт топқа бөлуге болады. оның бірі – хайуанаттардың атын тергеу, екіншісі – туыс тумалардыңжақындық дәрежесіне қарай тергеу, үшіншісі – келіннің ат тергеуі, төртіншісі – үлкен адамдарды және сыйлы адамдарды дәрежелеп атау.
Мақсаты: Тиісті орынға сызықшы қойып, оның қойылу себебін түсіндір.
ә) Мақалдарды ажыратыңдар:
1. Ашу дұшпан, ақыл көшкен керуен
2. Ас дос
3. Жаман жолдас адамның арқауы
4. Дүние серуен, адам көлеңке.
Мақсаты: Мақалдардың жалғасын тауып, тиісті орынға сызықша қоя отырып жаз.
IV. Жаңа сабақ қорытылады.
1. Номинативті сөйлем дегенді қалай түсінесің?
2. Қай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылады?
V. Оқушы білімі бағаланады.
Үйге тапсырма.
Сызықшаның бастуыштан кейін қойылатын әр жағдайына көркем шығармалардан мысал теріп жазу.
Страницы: << < 1 | 2