Бастауыш

Страницы: <<  <  1 | 2

ран соқты. Ауылдан әкесі келді.
Тақтамен жұмыс
22 - жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты.
Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқа.
Топтық тапсырма
23 - жаттығу
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз. Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
I топ. Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады.
II топ. Мұз қатты. Күн шықты.
III топ. Сәкен оқыды. Күн салқындады.
Ұжымдық тапсырма
24 - жаттығу.
Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жаз.
Әр сөйлемдегі бастауышты тап.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды. (Күз)
26 - жаттығу.
"Не қалай дыбыстайды?" ойыны
Арыстан . . . . . . боздайды Арыстан ақырады.
Түйе . . . . . мөңірейді Түйе боздайды.
Жылқы . . . . . ақырады Жылқы кісінейді.
Қой . . . . . кісінейді Қой маңырайды
Сиыр . . . . . маңырайды Сиыр мөңірейді.
Оқулықпен жұмыс
27 - жаттығу.
Сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап бер.
Жерді немен жыртады? дәнсепкіш
Дәнді немен жыртады? комбайн
Егінді немен жинайды? соқа
Қорытынды
Шығармашылық тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрап жаз.
Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.
Күз мезгілі
Күзгі орманның көрінісі
Күзгі орманның көрінісі
Сұрақ - жауап
Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
2. Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?
3. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?
4. Бастауыш дегеніміз не?
5. Бастауыштың сұрақтарын ата?
Бағалау
Үйге тапсырма
25 - жаттығу
Бастауыш. (ереже жаттау)





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: