Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту"
Н. Б. Садвакасова
4 Ертіс жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы.

"Білім" сөзі - өте күрделі және көп мағыналы ұғым. Жалпы мағынасында білім - адамның жүйеленген білік,дағдыларды меңгеру үрдісі мен нәтижесі. Ақыл мен сезімнің дамуы, дүниеге көзқарас пен танымдық қабілеттің қалыптасуы. Білім мазмұнына оқыту нәтижесі ретіндегі білік,білім дағдылар ғана кірмейді,бұл ұғым аясы болып жатқан оқиғаларды сын тұрғысынан ой елегінен өткізу,шығармашылықпен жұмыс істеу.
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынадан алғанда, оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Менің өз сабақтарымдағы алдыма қойған негізгі басты міндетім - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Бастауыш сынып оқушыларының мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Бұл жауапты кезеңдегі ең басты шаруа- баланың сауатын ашуы, тілдерінің дамуы, өзінің ойын жеткізе білуі, оқуға, жазуға үйренуі , шығармашылық жұмыстармен шұғылдануы.
Әр сабақтың дамытушылық мақсатында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасын жетілдіру, қиялын шарықтатып, ойын ұшқырлау, логикалық ойлау қабілетін арттыру, өз сөзімен жеткізуге, ой тұжырымын жасауға дағдыландыруға жұмыстар жүргізілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің дамыту жолдары.
"Шығармашылық" сөзінің төркіні "шығу", "ойлап табу" дегенге келеді. Психолог Л. Выготский шығарм

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: