ашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал Я. Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Кейінгі жылдары шығармашылық сөзімен жаңалық , бастамашылық, белсенділік ұғымдары көбіне қолданылып жүр.
Шығармашылық- өте күрделі психологиялық үрдіс. Ол іс- әрекет түрлі болғандықтан , тек адамға ғана тән. Бастауыш сыныптағы оқушылардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъктивті жаңалық. Оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде былай топтастырамыз:
1. Оқушыларды сауаттылыққа баулу.
2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін жетілдіру. (бейнесөз, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар)
4. Баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту. (шығарма, шағын мәтін құруға, мәтінді жалғастыру).
5. Оқушыларды ізденіске жетелеу, ой сараптауға үйрету.
Құрғақ ойлау мен жаттап алудан гөрі өзі ізденісіне нәтижесі немесе шығармашылық әрекетінің жемісі болған жағдайда ғана оқушы білімді терең меңгере алады.
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға үйрететін мұғалім.
Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар- оқушылардың тек шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп тәрбиелеу әр мұғалімнің міндеті.
Мұғалім бұл жағдайларды танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болғандықтан, оқушының шығармашылығы арттыруы тиіс.
Кез келген білім саласында назарында білімге жетелейтін оқушы тұр. Демек, оқушы "маған қызық, менің білгім келеді" деген ынтаға келсе, онда бұл жолдың қуанарлықтай және жемісті болғаны.
Қазіргі кезеңде оқушылардың болашағына таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше көңіл аударыл
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>