БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУТЫҢ ТИІМДІЛІГІ
"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Ғ. Қайырбеков атындағы 9 орта мектебінің"
бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова Амина Сапарқызы
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.
Тәрбиенің сан - саласы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш сынып. Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту, баланың бойында алған білімін өмірде қолдана білуге ерте кезден, балдырған кезінен дайындау деген сөз. Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы 832 қаулысымен "Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары" бекітілді. Бұл Ұлттық жоспар - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>