Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; 2. оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
3. Оқушыларды ұқыптылыққа,таза,сауатты жазуға,еңбек сүйгіштекке баулу.
Топпен жұмыс істеуге, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,топтық, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер,слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сабаққа даярлық,салемдесу,оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөліп алу.
Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз-білім алу,
Міндетіміз-еңбектену
Еңбектену арқылы
"5"-ке қолды жеткізу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 46-жаттығу,71-бет.
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Сөйлем мүшелері қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
Тұрлаулы мүшелер деп отырғанымыз не екен?
Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
Бастауыш дегеніміз не?
Баяндауыш дегеніміз не екен?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жұмбақты шеш
Кіммін мен?
Бәрінің иесімен
Маған қарап құрайсың
Ойынның сен жүйесін.
(Бастауыш)
Ешқашанда ол аянбайды
Не болғанын баяндайды.
Жазған бала нүкте қойып,
Сөйлемін аяқтайды.
(Баяндауыш)
Ол дағы атау тұлғалы
Сөздерді байланыстырады
Байланысу түрі-қиысу,
Интонация түрімен түйісу.
(Сызықша)
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
Бастауыш та, баяндауышта зат есімнен жасалса,бастауыштан кейін сызықша (-)
Страницы: 1 | 2 > >>