Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Страницы: <<  <  1 | 2

қойылады. Мысалы: Әмір-күйші. Алматы-сәулетті қала.
Әсем биледі. Айдын жазды.
а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 47-жаттығуды көшіру. Екі бағандағы баяндауышты тап. оларға сұрақтар қойыңдар. Бірінші бағандағы бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылыпты. Олардың арасына қандай тыныс белгі қойылған. Сол сөйлемдері оқығанда дауыс ырғағымыз қандай болады? Бұдан қандай ереже шығаруға болады?
48-жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазу. Баяндауыштарды сұрақтар қою арқылы табу, астын сызып көрсету. Өздерін осы ұлы адамдар туралы тағы не білесіңдер? 49-жаттығудағы "Сөздерді құрастыр" ойыны арқылы мақалдарды құрастыру. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қою. Көшіріп жазу. 50-жаттығуда бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшалары бар сөйлемдерді теріп көшіріп жазу. Ол- құрылысшы. Ол ауылдың аты - Жаңажол.
Сергіту сәті "Көңілді күн"
51-жаттығу сирек кездесетін атауларды есіңе сақта.
Кұмай-тазының бір тұқымы.
Сарымақ - жолбарыстың күшігі.
Арқар - қой тектес жабайы жануар.
Құлжа - арқардың қошқары.
Құралай - киіктің лағы.
Қонжық - аюдың баласы.
52-жаттығуда Жаңылтпашты екі қайталап оқып,жатқа айт.
Бұл - бұлбұл,
Бұл - дүлдүл.
Бұлбұл - құс,
Дүлдүл - ат.
Бұлбұлды біл,
Дүлдүлді біл.
ІҮ. Қорытындылау.
Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оған қандай сұрақтар қойылады? Баяндауыш пен бастауыштың арасына қай жағдайда сызықша қойылады?
ҮІ. Рефлексия
Менің бүгін сабақтан алған әсерім. . .
Маған ұнады. . . .
Маған қиын болды. . . . .
Мұғалімге сұрақ. . . . .
ҮІІ. Үйге тапсырма: 53-жаттығу 73- бет.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау






Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: