Баскетбол ойыны

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

ап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын орындаттым. Жаттығулар слайдтермен көрсетіледі. Допты төменнен қабылдауды үйрету үшін, оқушының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын көрсетіп, келесі жаттығуларды орындаттым. Оқушы құрбысының қолына допты беріп екі қолмен қабылдап, қайта берді. Оқушылар арақашықтығы 8-10 м жерден қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушы допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушы допты төменнен қабылдауды үйренді. Сабақ соңына қарай оқушылар ережемен баскетбол ойнады.
Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдандым, оқушыларға жаттығуларды көрсетіп тұрып, орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өз мүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығы нормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ
Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8-10 рет тартылу, қыздарға 25-30 рет дене көтеру жаттығуларын бердім. Сабақ соңында оқушыларды бағаладым.
Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толы жете алдым деп ойлаймын.






Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: