Қарағанды облысы
Осакаров ауданы
Есіл селосы 2ОМКММ
Едилхаан Гулара
бастауыш сынып мұғалімі
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
3-4 сынып бойынша
Мақсаты: - Ата- бабамыздың асыл мұрасы, салт- дәстүр, әдеп- ғұрып, шешендік сөздермен таныстыра отырып, халқымыздың даналығын, тапқырлығын, шешендік өнерін таныту.
-Сайыскердің танымдық белсенділігін арттыру, дүниетанымы мен мәйекті
сөздермен байыту, олардың ойлау және ойын тиянақты, жетік тілмен жеткізе білу дағдыларын дамыту.
- Ұлағатты ұлы сөздермен тәлім алып, халқымыздың салт- дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, сахна өнеріне баулу. Қол өнерін,жылдамдық,
іскерлігін көрсете білу.
Көрнекіліктер: тақырыбы, плакатқа жазылған нақыл сөздер, шарлар, қабырға газет.
Өткізілетін шарты: 5 кезеңнен тұрады.
Жүргізу барысы: күй ойнап тұрады, ортаға І және ІІ жүргізушілер шығады.
І жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
« Балдырған арулар мен сал-серілер» тойы басталса,
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
ІІ жүргізуші: Уа,халайық,халайық!
Мұнда назар салайық.
І жүргізуші: Қайырлы күн!
ІІ жүргізуші: Армысыздар.
І жүргізуші: Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – халықаралық ана-қыздар мерекесімен құттықтаймыз.
ІІ жүргізуші: Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, мерекелік шат-қөңіл тілейміз. Мереке думанды болсын!
беріңіздер!
І жүргізуші: Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,
Той деп бүгін, халқым шашу шашады.
Бүгінгі болар сайыста
Ән мен өнер жыр шашуын шашады.
ІІ жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық
Нақ аруды таңдап бүгін алуға.
Құрметті көрермен
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>