узыкасын қояды.
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді ішінде не бар деп сұрайды.
Балалар жәшіктің ішіндегі балапан екенін даусынан танып айтады.
Балалар шарбақтың ішіндегі балапанның қозғалуын, жүгіргенін, қанатын қаққанын көреді.
Бірінші орталықтағы балалар жұмыртқаның қабығынан балапан құрастырады. Екінші орталықтағы балалар жұмыртқаны езіп ботқа дайындайды да табиғат бұрышындағы басқа балапандарды тамақтандырады.
Балалар "Көңілді балапандар" әуеніне билейді.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексия
лық - түзетушілік
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: балапанды түсіне, сыртқы көрінісіне қарап танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері, қозғалысы,қорегі туралы, өсіп-өнуі үшін адамдардың қамқорлығы керек екендігін, басқа да құстардың балаларының балапан деп аталатындығын.
Түсінеді: балапанның түсінің алуан түрлі болатындығын, балапан туралы білімді және олардың адамның қамқорлығына зәру екендігін.
Қолдана алады: қамқорлықпен қарайды, оларға жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады, балапандарға арнап ботқа жасауды.
Страницы: << < 1 | 2