Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы 8
Білім беру саласы: "Әлеуметтік"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Экология негіздері.
Тақырыбы: Балапанды бақылау.
Мақсаты: балапанды сыртқы көрінісіне қарап тани білуге, дене бөліктерін ажыратып айтып беруге үйрету. Балапанның тіршілігі адамның қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыру. Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жәшік ішіндегі балапан.
Қажетті құрал-жабдықтар:жұмыс дәптері, қарындаштар, піскен жұмыртқа, су, балапанға қора жасауға арналған шарбақтар.
Алдын ала жасалатын жұмыстар: балапанға арнап шарбақтар жасау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Билингвальді компонент:балапан-цыпленок
Оқу іс әрекетінің кезендері
Педагогтің іс- әрекеті
Баланың іс -әрекеті
Мотивация
лық- қозғаушы
лық
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Педагог ішінде балапаны бар жәшікті алып келеді де Педагог балапанды қоршалған шарбақтың ішіне жібереді де бақылау жасайтындықтарын айтады.
Балапанның түрі, түсі және дене құрылысы туралы сұрайды. Қалай дыбыстайтынын және немен қоректенетінін айтады.
- Біз мына балапан өскенше оны бағып, тамағын, суын беріп тұруымыз керек. Бүгін біздің балапанымыз кішкене шаршады. Сондықтан оны біз табиғат бұрышындағы басқа балапандарға қосып қоямыз.
Педагог балаларды екі орталыққа бөледі де бірінші орталықтағы балаларға жұмыртқаның сыртқы қабығына қанат, тұмсық, көз, аяқтарын жабыстырып, ба - лапанды жасауды, екінші орталықтағы балаларға балапандарға арнап ботқа дайындауды ұсынады.
Сергіту сәті.
Педагог "Көңілді балапандар" м
Страницы: 1 | 2 > >>