алы түсініктер беріледі. Сурет салуға бейімдеу арқылы мүсіндеу, жапсыру арқылы сәндік қолданбалы өнерге, құрастыру сабағы арқылы сәулет өнерінің қыр-сыры жайында алғашқы түсінік беріледі.
Мектепке дейнгі тәрбиеде осы жұмыстарды ұйымдастырғанда үш кезеңді дұрыс жоспарлау керек. Олар мыналар: 1. Алдын ала жүргізілетін жұмыстар - саяхаттар, мақсатты серуендер, диафильмдер мен слайдтар көрсету, иллюстрациялық суреттермен әңгіме өткізу. 2. Арнайы өтілетін сабақтар-сурет, мүсіндеу, жапсыру және құрастыру сабақтарын программалық талаптарға сай жүйелі, бірізді жүргізу. 3. Дербес көркемөнер бұрыштарындағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, қажетті құралдармен толықтырып отыру.
Мысалы, дидактикалық ойындардың, түрлі ою-өрнек альбомдарының, кеспе үлгілердің, қажетті құралдардың жеткілікті болуы-эстетикалық тәрбиенәң батауы, қайнар көзі болып табылады.
Халық педагогика - қанша уақыт өтсе де, тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына, сондықтан да оқу-тәрбие жұмыстарына халықтық педагогикадан нәр алып, бала бойына ата-баба өсиеттерін сіңіріп, алт - дәстүрді біліп, халық қамын ойлайтын, тілін, дінін терең біліп, өз ұлтын, өзге ұлтты сыйлай білетін білімді жас ұрпақ тәрбиелеуіміз керек дер едім. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де пайдаланып , тәрбие ісіне арқау ету - борышымыз.
35 "Балдырған" бөбекжайы
Тексерілді:
Балабақша әіскері:
Карабалаева Д. С
Кеңес
Тақырыбы: "Баланы шығармашылыққа баулу. "
Тәрбиеші:Аманжолова А
2017 оқу жылы.
Страницы: << < 1 | 2 | 3