у керек: үстел басында дұрыс отыруы, жаттығулар мен тапсырмаларды түсініп, шапшаң орындай алуы және т. б.
Екіншіден, баланың психикалық дайындығы. Бала бірінші сыныпта өзі мектептің ішінде, белгілі кеңістікте жүре алуы, сонымен қатар үйден шығып дүкенге баруы керек. Баланың жаңа білім алуға талпынысының жоғары болуы. Берілетін білім баланың есте сақтау, ойлау қабілетіне сәйкес болуы қажет. Жеке тұлға дайындығы өзімен қатар жасты балалармен араласа алуынан, басқаларды бағалап, қиын жағдайлардан шығуынан көрінеді. Үлкенді тыңдап, жақсы мен жаманды айыра алуды есте сақтау керек.
Мұғалімнің қойған міндеттерін қабылдап, зейін қойып тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрау керек. Баланың мектепке дейінгі эмоциалды-ерік дайындығы дегеніміз:
мектепке не үшін баратынын, оқуға деген қызығушылығы болуы шарт;
- бала ұнамсыз мінез-құлық, үйдегі еркеліктен арылуы керек;
- бір орында отыру, берілген уақыт бойы зейін қойып тыңдап, тапсырмаларды орындап, ешқайда көңіл бөлмеу.
Сіздің балаңыз мектепке дайын болып, қуанышпен бару үшін, кейбір кепілдемелерді тыңдағандарыңыз жөн:
- Балаңыздан көп талап етпеңіз.
- Бала қателік жасауға құқығы бар, себебі әр адам қателеседі.
- Балаңыздың өзін-өзі тым жоғары бағаламағанын қадағалаңыз.
- Балаңыздан қателіктер мен кемшіліктер байқасаңыз, арнайы мамандардан көмек сұрауға қорықпаңыз: логопед, психолог, т. б.
- Оқу демалыспен ұштасып, ұласу керек.
- Балаңыздың күн тәртібін қадағалап отырыңыз, бала белгілі бір уақытта оянып, ұйықтауы керек.
- Ас қабылдауы сәйкес болуы керек.
- Балаңыз әр жағдайда қалай жауап бергенін байқап отырыңыз.
- Үй жұмысын орындауға түгел жағдай жасаңыз.
- Балаңыз үй жұмысын аяқтамай, шаршаса, балаға біраз уақыт демалуға руқсат етіп, демалғаннан соң қайта сол
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>