Баланы мектепке дайындау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

--

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
"Тайынша қаласы 2 орта мектебі" КММ
Педагог-психолог
Кусаинова Лаззат Салимтаевна
--

--

--
Баяндама
--
"Баланы мектепке дайындау. "
--
Қазақстан Республикасының "Білім туралы " Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті-баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін дамыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелейді. Сондықтан да оқушылардың даму ерекшеліктерін жетік танып білуіміз қажет.
--
Сіздің балаңыздың оқушы атағын алатын уақыт та жақындап қалды. Осыған байланысты ата-аналардың мазасы кетіп, қобалжи бастайды, баламыз не біліп, не істей алады деген сұрақтар мазалайды.
Балабақшада бала санауды, ойлауды, есте сақтауды, зейін аударуды үйренеді. Баланы мектепке дайындауда ата-ана негізгі рөл атқарады. Көп жерлерде баланың даму сатысы, тәрбиесі сіздерден бастау алады. Бұл жерде аса тым күш салып жібермеу қажет. Кейбір ата-аналар балаларын сәби кезден-ақ жақсы оқитын, білгір жасағысы келеді. Ақырында бала зардап шегеді.
Мектепке дайындыққа не жатады? Мектепке дайындалған бала көп білім мен үйреншікті қабілеттерге ие болып, оларды қолдана білуі керек.
Ең алдымен бала физикалық дайын болу керек. Ол ушін денсаулығы мықты болып, мектеп бағдарламасын өтеуге лайық болу керек. Ал балада кейбір психикалық ауытқулар сезіліп, көрінсе, денсаулығында өзгерістер, кемшіліктер байқалса, ата-ана мұны мойындап баланы арнайы түзетуге арналған коррекциялық мектепке беруі керек. Физикалық дайындыққа баланың қозғалыс жүрісі мен саусақ қозғалысы жатады. Бала қай қолда, қалай қалам ұстау керектігін білуін керек. Негізгі гимнастикалық ережелерді ұстан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: