:
1. Алфавит бойынша барлық әріптерді тану, білу, бір бірінен ажырата алу.
2. Буындап қосып оқи алу.
3. Әріптердің баспа түрін жаза білу.
4. 1-ден 10-ға дейін тура және кері санай білу.
5. Өз аты-жөнін, мекен-жайын, туған күнін толық білу керек.
6. Адамның суретін салу, әр мүшесін атап беру (бас, аяқ, қол, көз, т. б. )
7. Жыл мезгілдерін білу керек.
8. Қазақша ай аттарын, апта күндерін білу керек.
9. Геометриялық пішіндерді атау, суретін салуды білуі керек.
10. Сурет бойынша әңгімелей білу.
11. Үй жануарларының аттарын білу.
12. Құстардың аттарын білуі керек.
13. Балалар өз ойын толық жеткізе білу.
Әрбір баланың жеке дамуына жағдай жасау және оның оқуда, қарым-қатынаста өзіндік тәжірибесінің қалыптасып, шығармашылық және әлеуметтік белсендігінің дамуына ықпал ету керек. Баланы дұрыс тәрбиелеуді, жақсы әдет, дағды қалыптастыруды ерте бастан ескерген жөн. Ата-ана баланың өсу жолына, тіл мәдиетіне тыңғылықты әзірленуіне тиісті жағдай жасау ата-ананың тікелей міндетті. Қандай тәрбие болсын, үйден, отбасынан басталады. Баланы еңбекке баулу ата-ана борышы. Баланы мектепке, яғни 1 сыныпқа дұрыс дайындау керек, балаға немқұрайлы қарап, ертең оның өміріне қиыншылықтар туғызбау керектігін ата-аналар ешқашан естерінен шығармау қажет. Бала тәрбиесінің ана құрсағынан, отбас-ошақ қасынан басталатынын ұмытпайық. Бүгін ел болып қолға алмасақ, онда келешек ұрпақ алдындағы парызымызды ұмытқанымыз.
35 "Балдырған" бөбекжайы
Ата-аналарға кеңес:
"Баланы мектепке қалай дайындау керек?"
Дайындаған 9 топ тәрбиешіс
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>