Баланы мектепке қалай дайындау керек

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ата-аналар жиналысына арналған кеңес

Тақырыбы: Баланы мектепке қалай дайындау керек?
Құрметті ата-аналар! Әлеуметтік-психологиялық қызметтің сапалы жұмысы үшін бізге сіздің балаңыздың өмірі мен дамуының кейбір ерекшеліктерінің білуіміз қажет. Бұл біздің мамандарға, әсіресе, мұғалімдер мен психологтарға баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытудың әдістерін пайдалануға және педагогтарға қажетті нұсқаулар беруге көмектеседі. Сондықтан балаңыз жайлы сауалнаманы толық, түсінікті толтыруыңызды өтінеміз. 1 сыныпқа баратын балалардың ата-аналарына, отбасы мен бала туралы жалпы мәліметтер, баланың отбасында тәрбиеленуінің ерекшеліктері, оның икемділігі мен қызығушылығы, баланың дағдысы мен ептілігінің даму деңгейі, ынтымақтастыққа қадам туралы мәлімет берулері керек. Жалпы, "Баланың бас ұстазы - ата-анасы" екенін ешқашан естен шығармау керек. Ата-ана өз баласын қалай мектепке дайындау керектігі жөнінде мынадай мағлұматтар білуі керек.

1. Балалардың қабілеті туралы не айтасыз? (6 жасар мен 7 жасардың айырмашылығы неде?)
2. Жанұядағы бос уақытты қалай пайдаланасыздар?
3. Баланың жақсы адам боп өсуіне не кедергі?
4. Балаларда өзімшілдік мінездің қалыптасуы неліктен?
5. Баланы неше жастан еңбек етуге үйрету керек?
6. Балаға жақсы оқу үшін қалай көмектесеміз?
7. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі күшті ме, жоқ әлде мектептің жауапкершілігі күшті ме?
8. Балаңыздың досы кім, сіз оған қалай бағыт бересіз?
9. Баланың өмір жолындағы ананың және әкенің орны?
10. Бала тәрбиесіндегі сіздің қателіктеріңіз?

Міне, осындай мағлұматтарды жетік білсеңіз, балаңыздың мектепке деген көз-қарасы жоғары деңгейде болады.
1- сыныпқа қабылданатын оқушылар мынадай ерекшеліктерді білуі керек

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: