Балам саған айтарым бар!

Страницы: 1

32-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Балам саған айтарым бар!
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ғибрат сөздерді ұғындыру, мағынасын түсіндіру.
Дамытушылық: тіл байлығын арттыру, сөздік қорын байыту, өз пікірін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жақсыдан үйрене білуге, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу шешендікке баулу.
Сабақтың түрі: ғибрат сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, есте сақтау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ғибрат сөздер , мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық сәт
Үй жұмысын сұрау: Өткен сабақты еске түсіру .
Жаңа сабақ: Ғибрат сөздерді оқып түсіндіру
Мысалы. Ертең деген жоқ
Балам, бүгін істейтін ісіңді бүгін істеп бітір, ертеңге әсте қалдырушы
болма. "Ертең деген жоқ" деген екен бір білгір. Жаны бар сөз. Менің өмірімдегі қателігім де, жеңілісім де осы болды.
Мақалдар
Еріншек екі істер.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Есіңде болсын!
Аз жұмысты қиынсынсаң ,көп жұмысқа тап боласың:,
Азға қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың.
Дәптермен жұмыс:мақалдарды көшіріп жаз.
Тапсырма: Мақал-мәтел жаттау.





Страницы: 1
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: