Балалардың тілін дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Балалардың тілін дамыту

Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл - адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы, еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған.
Тіл - ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының белгілері бейнеледі. ЛЫҚ МƎЛЕМЕТТЕР САЙТТА
Тіл мәдениетін меңгеру - адамның сәби шағынан іске асатын, келе - келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.
"Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында": "Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру", - делінеді.
Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.
Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы - ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту - тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: "Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес", - деген болатын.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: