ы жиірек сөзге қатыстыру ісіне көңіл бөлу.
Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат - баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету.
Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой - өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту - үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады.
Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі.
1. Әңгімелеу, әңгіме құрастыру (өзі көріп білген жайттар туралы, сурет мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету).
2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу.
А) Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың өзін) сұрап, түр - түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу.
Ә) Бөлмедегі 10 - 15 затты бір орынға қойып, соның ішінен бір заттың атын тәрбиеші сөзбен айтады, бала затты танып әкеліп, түр - түсін, пішінін айтады.
Б) Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды (сабын, тәрелке, орамал, щетка т. б. ) суреттен көрсетіп, оның атын, қажеттілігін, неден жасалғанын айтқызу.
Страницы: << < 1 | 2 | 3