Балабақшамен қоштасу

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

/>Бүгінгі той ерекше
Жанар: Ал енді балалардың орындауында
"Біз мектепке барамыз" әні
Балалар орындарында тұрып ән айтады.
Тақпақтар:
Дәрмен:
Қолыма гүл аламын,
Дайын дәптер қаламым.
Таңқалдырып достарды,
Мен мектепке барамын.
Мадина:
Қуанышым менің мол,
Мектебіме тарттым.
Ұмытпаймын өзіңді,
Балабақшам қош сау бол!
Бекзат:
Үлкендердей тап - таза,
Жазамын бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Оқып білім аламыз.
Амина:
Жақсы кітап - Әліппе,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштасам,
Әліппемен достасам.
Мансур:
Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашты мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
Амира:
Сүйемін күннің шапағын,
Жанарымда мол шуақ.
Сондықтан да биіміз,
Тек сендерге арналмақ.

Би. Вальс
Балалар орындыққа отырады. Осы кезде Мыстан кемпірдің немересі кіреді.
Ежка: Балалар сендер қайда жиналып жатсыңдар?
Балалар: Мектепке жиналып жатырмыз
Ежка: Балалар қарандаршы менде де сөмке бар, менде сендермен бірге мектепке барайыншы.
Жүргізуші: Ал сенің сөмкенде не бар?
Ежка: Менің сөмкемде доп, қуыршақ, рогаткалар бар. Ал сендердің сөмкелерінде не бар?
Балалар: Кітап, дәптер, қылқалам.
Ежка: Ойййй оларды не істейсіңдер? Мен мектепке барғанда оқымаймын, жазбаймын. Мен онда ойнаймын. Ал ішім пысып кетсе, рогаткамды алып, терезелерді сындырамын. Құстарды атамын.
Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы солай істеуге болады ма?
Балалар: Жоқ болмайды.
Ежка: Ал мен енді не істеймін? Мен сөмкеге қандай заттар керек екенін білмеймін.
Жүргізуші: Балалар біз Ежкаға сөмкеге керек заттарды жинауға көмектесейік.
Ойын: "Сөмкеге керек заттарды жина"
Мезгілсіз шырылдаған с

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: