Балабақшамен қоштасу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қош бол, сүйікті балабақшам!
Бота : Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, әріптестер, қонақтар!
Сіздерді бүгінгі мерекеде көруге қуаныштымыз!
Жанар: Бүгін бізде ерекше күн, өйткені бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз!
Бота: Құрметті ата-аналар, әріптестер, қонақтар бүгінгі мерекеміз құтты болсын!
Жанар: Ендеше бүгінгі түлектерімізді ортаға шақырайық.
Балалар жұптарымен залға кіреді.
Тәрбиешілер кезектесіп, балалардың аты-жөндерін атап, ортаға шақырады.
Бота: Біздің балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:
Ясмин:
Ақ тілекті ағытып, бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік,
Ел мен Отан жайында.
Нұрмұхаммед:
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз сол үйдің гүліміз,
Біз сол үйдің сәніміз.
Салтанат:
Өтті талап - талғаммым,
Көп нәрсені ұғындым.
Сен үйреттің сөйлеуге,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам қош енді.
Данил:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біз мектепке барамыз.
София:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Бүгін жақсы киініп,
Салтанатқа жиылып.
Бақшаменен қоштасар,
Әліппемен достасар.
Келіп жетті сәтті күн,
Дайын қағаз қаламым
Мектепке енді барамын.
Болат:
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: