Балабақшадағы сергіту сәттері және саусақ ойындары

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>

, "өзгеру" дегендi бiлмейдi, оларға ОЙНАУ ғана қызықты! Сөйтiп, менiң сабақтарымда сәби оңдап тұрып ойнай алады. Өлеңдер, санамақтар, жарыстар, қызықты сайыстар, таңғажайып қонақтар, қуыршақ театры, қозғалыс ойындары, бояу кiтаптары -- бұлардың бәрi ағылшын тiлiнiң қыр-сырын бiлуге көмектеседi. Менiң жұмысым В. Мещерякованың "I Love Engish" -- "Учи любя, учи играя" авторлық әдiстемесiнiң ұранымын iске асырылады.
Егер сiздiң балаңыз 3-4 жасар болса, және Сiз оған шетел тiлi керектiгi туралы қам жесеңiз, күманданбаңыз! Оқытудың негiзгi принципi -- ағылшын тiлiн ана тiлi ретiнде үйрену, атап айтқанда бала ең бiрiншi тыңдайды, сосын қайталайды, содан кейiн барып СӨЙЛЕЙДI! Туған тiлiн үйрену бала үшiн өзiндiк мақсат болып табылмайды, ол оған басқа адамдармен қарым-қатынас үшiн қажет. Сол сияқты ағылшын тiлi сабағында балалар тiлдi үйренбейдi, тек қана мұғалiмнен естiгенiн қолданады.
Мүлдем тiлдiк қабiлеттерi жоқ бала болмайды. Бiз бәрiмiз кезiнде туған тiлiмiзде сөйлеп үйрендiк, алайда бiреу 1 жасында сөйлей бастайды, бiреу екi жарым жасқа келсе де үндемейдi. Бұндай жағдайда ата-ана қандай әрекет жасайды? Олар бала тiлдi бiлмейдi деп ойлай ма? Жоқ! Бала оған айтып тұрған тiлдi түсiнедi! Айтылған сөздердi қайталатқыза ма? Жоқ! Ақылды ата-ана бұндай баламен көбiрек сөйлесу керектiгiн түсiнедi және күндердiң күнiнде САНЫ САПАҒА АЙНАЛАДЫ.
Бастапқы кезең "I can sing" -- 3-4 жасар балалар үшiн
Балалар ағылшын тiлiн естiп қабылдауға, мұғалiмнiң айтқанын орындауға, ағылшын тiлiнде ойнауға және өлең айтуға тырысады.
1. Жас мөлшерлерiнiң психологиялық ерекшелiктерi.
Жетекшi iс-әрекеттердiң бiр түрi -- ойын.
Ерiктi есте сақтау мен назар аударуды қалыптастыру.
Өзiне жоғары эмоциямен қарауды талап ету.

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: