Балабақшадағы сергіту сәттері және саусақ ойындары

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>

/>Есің барда елің тап.



Көп ел -- сарқылмас көл. Көп ісінде береке.

Егемен елдің еңсесі биік.



Көп қайда болса -- құдай сонда.



Көптің күші көлдей,

Көшіп жүрген елдей.



Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.



Көп түкірсе -- көл болар.



Көп біріксе -- ел болар,

Көп тілегі көл болар.

Мақал-мәтелдер Просмотров: 1765 Қосты: Mangystau2013 Уақыты: 11. 09. 2013 Комментарии (0)

ЕР, ЕРЛІК, БАТЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ
ЕР, ЕРЛІК, БАТЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ



Ер азығы мен бөрі азығы жолда.



Үркер жиылып -- ай болмас,

Кедей жиылып -- бай болмас.



Істің ағы білінбейді,

Жігіттің бағы білінбейді.



Ер жолдасы -- тәуекел



Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.



Ердің ісі -- елдің мойнында,

Елдің ісі -- ердің мойнында.



Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

Мақал-мәтелдер Просмотров: 3558 Қосты: Mangystau2013 Уақыты: 11. 09. 2013 Комментарии (0)

ЕҢБЕК-БАЙЛЫҚ, КӘСІП-НӘСІП ТУРАЛЫ
ЕҢБЕК-БАЙЛЫҚ, КӘСІП-НӘСІП ТУРАЛЫ
Мал жисаң қонысын тап,
Ас жисаң -- ыдысын тап.

Кәсіп, кәсіп түбі -- нәсіп.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.

Ерді еңбек жеткізер.

Ердің атың еңбек шығарады.

Еңбегіңнен ел таныр.

Жылай-жылай жап қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.

Мақал-мәтелдер Просмотров: 1524 Қосты: Mangystau2013 Уақыты: 11. 09. 2013 Комментарии (

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: