олданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Сабақтың басында -- өткен сабақты еске түсіру.
Сабақтың ортасында -- көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру.
Сабақтың соңында -- тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары: түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс -- тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті -- сөздің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдану.
Түсіндіру әдісі -- жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ барысында үйретілетін жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі -- әр сабақта жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы іске асады. Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.
Мысалы:
Шақ -- шақ -- шақ -- кішкентай құлыншақ.
Ыр- ыр -- ыр -- ырылдайды қасқыр.
Ян -- ян -- ян -- секіреді қоян
Қорыта айтқанда, ойын -- балалардың негізгі іс -- әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ой
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>