Балабақша мен отбасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Балабақша мен отбасы"

Мақсаты: Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.

Көрнекілігі: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, ағаш, алмалар, шарлар, себет
Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Танысу: Әр ата - ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі - үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу - Айсұлу.
Тренинг:
Енді ата - аналар, "Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психология

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: