тінде өнер мен көркемдік іс - әрекеттерінің түрлерін біріктіреді.
Балабақшалар тәжірибиесіне мерекелік ертеңгіліктерді өткізуге белгілі бір көркемдік - педагогикалық талаптар қарастырылады. Онда ең бастысы өнер туындыларының балаға тигізетін ықпалына баса назар аударылады. Ертеңгіліктің тақырыбына және өткізіліп отырған жыл мезгілін бейнелейтін көркемдік безендірулерге үлкен мән беріледі.
Егер ертеңгіліктегі балалардың іс- әрекеті, эстетикалық тәрбие міндеттері туралы айтатын болсақ, онда олардың орындалу мәнерлігіне тоқталу қажет. Мәнерлікке баланың көркем іс - әрекетінің түрлеріне қажетті дағдыны үйренуі негізінде өзі орындалған өлендердің , тақпақтардың мазмұнына өз көзқарасын, белгілі бір көңіл күйін білдіре алу мүмкіндігінің пайда болуы нәтижесінде қол жетеді.
Өлең айтуда мәнерлікке әуенді нақты орындаумен, таза біріккен үйлесімді үндестікпен, тақпақ оқығанда дауыс екпінінің алуан түрлігімен, жақсы мақаммен биде, қимылдың , музыканың сипатына, музыкалық шығарманың қалыбына сай келуіне байланысты қол жетеді.
Бейнелеу өнері- мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс- әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін әр қайсысы жеке өзінше қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл күйін білдіре алады.
Я. А. Каменский, Ф. Фребель: "Сурет салу, мүсіндеу және түрлі құралдармен айналысатын сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытады", деп айтқан.
Сурет салу іс - әрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда болады. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын дамытады. Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, манотопия, ылғал бетте сурет салу, шыныда сурет салу, майшаммен
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>