тәрбие мен білім беруде отбасыларды, ата-аналарды бірлесе жұмылдыру, баланы тәрбиелеу мен оқытудағы мәліметтерін кеңейту, өзара сыйластық, түсунішілік, бір біріне деген шынайы сенімділік, терең қарым- қатынастарды арттыру.
Балабақша ұжымы ата-аналарды ұйымдастырып, балаларының балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс- шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ата-аналар оқу әрекетіне қатыса отырып, өз балаларын жан-жақты зерттеп танып, не толғандырып жүргенін, не қажет екенін біле алады.
Балабақшада "Ашық есік" ұйымдастырылып, оқу іс - әрекеттері көрсетілді. Осы іс шараға ата-аналар тек қана көрермен ретінде қатысып қоймай, балалармен бірге түрлі логикалық сұрақтарға жауап берсе, кейбір ата-аналар аңдар кейіпіне еніп рөлдерді сомдаса, ал басқалары балалармен бірге құрастыру, жапсырмалау, мүсіндеу жұмыстарын қалай жасау жолдарын үйреніп және балаларының бойынан дарындылық, мейірімділік, ептілік қасиеттердің қалыптасқанын аңғарды.
Балаға тіл мәдениетін игерту, баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Тіл дамыту жұмысын тек балабақшада дамытып қоймай, отбасында жүйелі жүргізу үшін ата - аналарға баланың тілін түрлі дидактикалық ойындар арқылы дамытатын жинақ кітапшаларын тараттық. "Қажетті суретті тап", "Формасы ұқсас заттарды тап", "Нені қайдан алуға болады", "Жұмбақ ойындар" атты дидактикалық ойындарды күнделікті өмірде, отбасында, тілі жаңа шыққан баланы сөйлете білу, сөздік қорының көбейтуге қолдана білді. Бала, ата-ана, педагог ынтымақтастығы нығайған сайын түсінісу де жеңіл, пікірлесу де оңай, ең бастысы балаға тиімді екенін байқадық.
Балабақшаның эстетикалық тәрбие жүйесінде мерекелік ертеңгіліктер ерекше орын алады. Олар бала сезіміне әсер ету құралы ре
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>