ы өмір салтына араластыру.
Балабақшадағы әрбір тәрбиеші - педагог оқу-тәрбие жоспарын тиімді әрі нәтижелі етіп ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Яғни бүгінгі тәрбиешінің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жас бүлдіршіндерді саналы азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, көптеген ұйымдастырылған іс- шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. Сондықтан да балабақша ұжымы ата-аналардың балабақшада өткізілетін түрлі іс- шаралар мен тәрбие ісіне қатысты тренингтер мен ертеңгіліктер, сондай-ақ пікірталас сағаттарына қатысуларын қамтамасыз етіп отырады. Бұл бала тәрбиесіне байланысты ортақ мәселелерді бірлесе отырып шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып , " Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда.
Балабақша балаларының тәрбиесімен білімділігімен қатар денсаулықтарын нығайту мақсатында барлық тиісті шараларды жүргізу медбикенің бақылауы аясында өткізіледі. Осы білім саласы бойынша дене тәрбиесінен ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері де жаңа технологиямен түрлендіріліп, балалардың денсаулығын нығайтып, дене
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>