гінде бар және туа біткен белгілердің жайғана сандық көрінісі емес. Даму - бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс. 12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді. Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмір мен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну. Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық пен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған орта мен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т. б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Кез келген отбасы үшін баланың қуанышынан артық ешнәрсе жоқ екені анық. Балалар жайы- еліміз үшін де басты мәселенің бірі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында "Балапан" бағдарламасының басты бағыты мектепке дейінгі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>