Мен және менің мамандығым.
Болшақта қандай мамандықты таңдасам ? Осы бір сұрақ өмірге келіп,сана-сезімі жетелеген әрбір адамда толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып,қиялдап,өзім қалайтын,өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап таптым. Мен тәрбиешімін. . . .
Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Өйткені бала шынайылық пен туралықтың тазалық пен пәктіктің айнасы. Олар қуанса шын қуанып,ренжісе шын ренжи біледі. Көздері мөлдіреп ,жүздерінде күлкі ойнап, әр күні бал- бұл жайнап алдыңа келгенде еріксіз күлімсірейсің. Бір үйдің бұзығы,еркесі,шырағы,аяулысы қызығы. Әр бала өзінше бір әлем. . . Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл. . . Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қанаты қайырылмайтындай етіп тірбиелеуде емес пе? Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым деп айта аламын. Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып,олардың "Қайырлы таң!" "Сәлеметсізбе бе?" деген сөздерін естігенде,бойым бір серпіліп қалатындай болады. Балалармен болған әр уақытым мені бір жаңа әлемге жетелегендей. Олардың үмітке толы көздерін не нәрсені болсада білуге құмар жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін. Әрине әрбір оқу іс-әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. Әр күннің сәтті өтуі әрине өзіме байланысты. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде асқан шеберлік пен білімділік пен сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжрибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс-әрекетіне аудару, баламен оқу іс-әрекеті үстіндег
Страницы: 1 | 2 > >>