Бабалар сөзі – тәрбие көзі

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

үрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар болып сайысқа түсеміз. Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз, соңынан оқушылар толықтырады.

2-жүргізуші: Жерден ауыр не бар?
Судан терең не бар?
Оттан ыстық не бар?
Көктен биік не бар?

(Қонақтар жауабы тыңдалады)

Оқушы: Жерден ауыр дегенім - ақыл, білім,
Судан терең дегенім - оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім - адамның өмірі.
Көктен биік дегенім - тәккапардың көңілі

1-жүргізуші: Алты алаш деген не?
Оқушы: - Алты алаш деген - Алаш ханның балалары - Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.

2-жүргізуші: Дүниеде не жетім?

Оқушы: Жаңбыр жаумаса - жер жетім,
Басшысы болмаса - ел жетім.
Ұқпасқа айтылған - сөз жетім

1-жүргізуші: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Оқушы: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.

2-жүргізуші: Дүниеде ең жақының кім?
Оқушы: Тату болса - ағайын жақын
Ақылшы болса - апайың жақын
Бауырмал болса - інің жақын.
Инабатты болса - келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын - қарындасың.

1-жүргізуші: Дүниеде не қымбат?
Оқушы: Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт-береке - атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді - апаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

2-жүргізуші: Дүниеде не қиын?
Оқушы: Арадан шыққан - жау қиын.
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын.
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың.

(Музыкалық үзіліс)

1-жүргізуші: Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырам

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: