кті өмірде ата-әжелерің, әке-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен?
 
1-бала: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған. 
 
2-бала: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе. 
Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар. 
 
3-бала: Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген. 
4-бала: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді. 
5-бала: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме. 
6-бала: Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады. 
7-бала: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады. 
8-бала: Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады. 
9-бала: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі. 
10-бала: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін. 
11-бала: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма. 
12-бала: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды. 
13-бала: Адамға ажал шақыратын мына ырымдар:
Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды. Мойынға бос арқан салмайды. Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге сүйретпейді. Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды. 
14-бала: Тәңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып (тамақ ішіп) шық. Себебі "таңғы тамақ тәңірден" деген сөз бар. 
15-бала: Дастарханды баспа, аттама. 
16-бала: Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды. 
 
Міне осындай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап, 
орындап жүруіміз қажет. 
 
(Музыкалық үзіліс)
 
1-жүргізуші: - Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс т
		Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>
