Қазақ тілі
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бабадан қалған әдет-ғұрып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды қонақ күту дәстүрімен таныстыру, қазақ халқының қонақжайлылығы жайында әңгімелеу, этномәдени мағлұмат беру, "құдайы қонақ" тіркесіне түсініктеме беру.
Дамытушылық: "Қонақ күту" тақырыбы бойынша оқушылардың лексикалық қорын молайту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік: сабақ үрдісінде қолданылатын мысалдар немесе мәтіндер арқылы оқушылардың қазақ халқына сүйіспеншілік сезімдерін ояту, халық дәстүрін сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс түрлері, тест әдісі.
Көрнекі-құралдар: тақырыпқа байланысты жасалған презентация, үлестірмелі материалдар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, Қазақстан тарихы, этномәдениет.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Тіл дамыту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мәтіналды жұмыс.
2. Мәтінмен жұмыс.
3. Мәтіннен кейінгі жұмыс.
Тапсырмалар.
ІҮ. Сабақты бекіту
Ү. Үйге тапсырма.
ҮІ. Оқушылар білімін бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Тіл дамыту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту.
Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбын болжау
1. Жаңа сөздермен танысу
(төрге отырады, сыбаға сақтаған, отағасы, қалауын береді, бауырмал халық, қонақжай халық, жергілікті халық, ақ көңіл халық сөз тіркестерді слайд арқылы көрсетіп, оқуға болады да, осы тіркестермен тез арада 3-5 сөйлем құрастыру. <
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>