br/>-Балалар, қазақ халқы қонақжай халық екенін естідіңдер ме? Қазақ халқының қонақжайлылығы жайында не білесіңдер? Қонақ күту дегеніміз не? Осы дәстүр туралы қандай мәліметтерді айта аласыңдар?
2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, тақырып қою. Сұрақтарға жауап беру.
Қонақ асы- үйге келген қонақты қарсы алу; оны төрге отырғызу, мал сойып қонақ ету. Қазақ халқында ерте VII-X ғасырларда қалыптасқан жомарттық салт болған. Қонақ асы- адамдардың бір-бірімен арасындағы бөлінбейтін еншісі, мұның өзі "Адам адамға қарыздар", "Адам күні адаммен", "Жүз қойың болғанша, жүз досың болсын" деген сияқты ата-бабамыздан келе жатқан жақсы салт.
1. Қонақ күту қай ғасырларда қалыптасқан жомарттық салт?
2. Қонақ қай орынға отырады?
3. Қонақты қалай күтеді?
4. Сыйлы қонаққа не береді?
5. Қонақты қалай шығарып салады?
1-тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс, бұрысын анықтаңдар.
Дұрыс
Бұрыс
1
Қонақ асы- үйге келген қонақты қарсы алу және шығарып салу.
2
Қазақ халқында ерте VII-X ғасырларда қалыптасқан жомарттық салт болған.
3
Қонақ асы- адамдардың бір-бірімен арасындағы бөлінбейтін еншісі.
4
"Адам адамға қарыздар", "Адам күні адаммен", "Жүз қойың болғанша, жүз досың болсын" деген сияқты жаңадан пайда болған салт.
2-тапсырма. Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беру.
"Ертеде қазақтардың үйіне кез келген адам "құдайы қонақпын" деп келе беретін болған. "Құдайы қонақ"- бір түнеп, аттанатын бейтаныс жолаушы. Қонақ қыс, жаз болсын, күндіз немесе түнгі мезгілде, яғни кез келген уақытта "құдайы қонақпын" деп тура келген үйіне түсетін болғ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>