ша сөздерді пысықтап, меңгерту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сендердің қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. ( 2 слайд)
Мұғалім: - Балалар, бізге қонаққа Оля мен жанна келді. ( 3 слайд). Оля мен Жанна туралы әңгімені тыңдаймыз.
Мынау- азық-түлік дүкені. Дүкенде нан, май, шай, қант, шұжық, жұмыртқа,балмұздақ бар. Дүкенге Оля мен Жанна келді. Оля қант, нан, май сатып алды. Жанна жұмыртқа, шұжық, айран және тұз алды. ( 4,5 слайдтар)
І. Мәтін бойынша жұмыс.
1. Сұрақтарға жауап беру
1. Мынау не?
2. Қандай дүкен?
3. Дүкенде қандай азық-түліктер бар?
4. Дүкенге кімдер келді? (6 слайд, шторка арқылы жауап табады)
5. Оля не сатып алды?(7слайд)
6. Жанна не сатып алды?(8 слайд)
Интерактивтік қаламның пайдалануымен керекті азық-түліктерді сатып алушылардың кәрзеңкелеріне салады. Дұрыс азық-түлікті салса, сол азық-түлік кәрзеңкеде қалады, дұрыс емес болса қайтадан орнына қайтады. (7,8 слайдтар)
2. Диалог құрастыру.
- Мынау не?
-Бұл дүкен.
-Қандай дүкен?
-Азық-түлік дүкені.
-Дүкенге кім келді?
-Дүкенге Оля мен жанна келді.
-Оля не сатып алды?
-Оля қант, нан, май сатып алды.
-Жанна не сатып алды?
- Жанна жұмыртқа, шұжық, айран және тұз алды.
3. Азық-түліктер туралы жұмбақтарды шешу:
А) Өзі ащы,
Бірақ дәмді етер асты.
Бұл не, балалар, қанеки жұмбақты шешеміз!
Ә) Түсі аппақ,
Тісі қатты –ақ,
Екі түрлі уызы,
Жесең тәтті-ақ.
(Оқушылар қолдарын көтеріп, жауаптарын береді. Дұрыс шешімін анықтау үшін, жұмбаққа басу керек, дұрыс жауабының суреті шығады. 9 слайд )
Б) Күрең қызыл түсі бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күші бар.
В) Ұрмай соқпай жылатады.
Әркім бірақ ұнатады.
Г) Қар емес – қатты.
Мұз емес – тәтті.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>