бір секундта 15000 қосу, азайту амалдарын, 3000 көбейту амалын орындай алды. Жұмыс кезінде тез қызатын болғандықтан, ол арнайы суытылуды талап етті.
1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсетті. ЭЕМ жұмысының басты принципі - программалар мен деректердің машинаның жалпы жадында сақталу принципі болды. Мақала мазмұнының идеясы "Джон Фон Нейманның ЭВМ архитектурасы" деп аталды, бұл идея негізінде 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан ғана жасалған. Дамыған елдерде олардың сериялық шығарылуы 1950 жылдардан басталды.
Бұрынғы Советтер Одағына бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) деп атады. 1951 жылдан бастап бұл машинада әр түрлі есептеулер жүргізіле басталды.
Оның жедел жады электрондық шамнан тұрды, оған 100 ұяшық орналастырылды, ол секундына 50 амал орындай алатын болған.
1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ (Большая Электронная Счетная Машина) өндіріске қосылды, ол секундына 10000 амал орындайтын болды.
Оның жедел жадысы алдымен электронды-акустикалық сызықтан, одан соң электронды-сәулелік түтіктен, ал кейініректе ферриттік біліктерден (сердечник) құрылды. Сыртқы жады екі магниттік таспалардан құрылды.
1960 жылдан бастап бұрынғы Советтер Одағында екінші буындағы машиналар шығарыла бастады. Олар: М- 220, БЭСМ-3, БЭСМ-4, "Урал-11", "Урал-13", "Урал-16", "Минск-22", "Минск-32" және т. б.
7 мин
Сабақты бекіту. Компьютерде тәжірибелік жұмыс жүргізу
А деңгейі:
Тапсырма 1: Кестені толтырыңыз
Енгізу құрылғылары
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>