Пән: Информатика
Студент-практикант: Бекбергенов Кайрат
Сыныбы: 8 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.
Мақсаты:
Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасымен таныстыру, қосымша құрылғылардың драйверлік программаларын орнатуды үйрету.
Білімділік:
Оқушыларға қосымша құрылғылар, оларды орнату, драйверлер туралы жалпы мәлімет беру, компьютердің қосымша құрылғылары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық:
Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік:
Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
Қорытынды сабақ
Сабақтың әдіс:
Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
Презентация, компьютер
Пән аралық байланыс:
Ағылшын, математика
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2 мин
Өткен сабақтарды қайталау
Электронды есептеуіш машиналары. XX ғасырдың 1-жартысында радиотехника кең қарқынмен дами бастады. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабарбергіш құралдың негізгі элементі электронды-вакуумды шамдар (лампалар) болды.
Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналарының техникалық негізін салды. Бірінші электронды есептеуіш машинасы 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады.
ENIAC-тың конструкторлары Дж. Моучли және Дж. Эккерт болды. Оның үлкендігі сонша, оны басқа орынға апаруға мүмкіндік болмады. ENIAC-тың салмаға 30т, ал оған 18000 электрондық шамдар орналастырыл-ды, ол
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>