інде, кейін Семей мұғалімдер семинариясында Ж. Аймауытов, М. Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш. Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған.
Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаған, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салған, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы және тұңғыш Президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы 1921 жылы жазда Баянауылға емделуге келіп, Томск қаласының технология институтының профессоры М. А. Усовпен танысты. М. А. Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтып жас жеткіншек Қаныштың қызығушылығын оятты. 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түсті. Сәтбаев студент болған жылдарда оқытушысы болған В. А. Хохлов «Студент Қаныш» атты естелігінде былай деп жазды: «Бұл өзі оқуға жан-тәнімен берілген студент болатын. Жалпы геология жөніндегі сабақтарда ол М. А. Усовтың тамаша лекцияларын құмарта тыңдады. . . Екінші курстан кейін ол М. А. Усовтың дала жұмыстарына қатысты. . . ».
Қ. И. Сәтбаев ғылыми жұмыстарды ұйымдастырды. Туған жерінің геологиясын зерттеуге және минералдық шикізат негізін жасауға өмірін арнап, барлау, ғылыми ізденістерінің нәтижесін өндіріске қосты. Оның халқына мұраға қалдырған қазынасы – іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы болып табылады.
1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, Қазақстан Ғыл
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>