ала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше мен мектеп, ғалымның көптеген ескерткіштері бар. Қ. Имантайұлының құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ванадий кен орны рудаларында табылған «Сатбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі аталған.
Белгілі қоғам қайраткері І. Омаровтың сөзімен айтсақ, «Қаныш қазақ топырағында туып, халқының сүтін ішіп, ер жетті де, сол халқының даңқын бүкіл әлемге көтерді. Өзі де сол шеңберде қалып қойған жоқ, дүние жүзіне белгілі болды». Қ. И. Сәтбаевтың жан-жақты білімдарлығына қарап халық оны мақтан тұтып: «Қазақтың Ломоносовы» деп атап кетті. Юнесконың шешімімен 1999 жыл Қаныш Сəтбаев жылы деп жарияланды. Осылайша ғалымның өз отанына, халқына, білім мен ғылымды дамытуға сіңірген зор еңбегі бағаланып отыр.
Мен Қ. И. Сәтбаевтың еңбектері туралы мағлұматты қызығып оқыдым, өзіме көп қызықты ақпарат жинадым, ізденіп, оқыған сайын өзім үшін көп жаңалық аштым. Қ. И. Сәтбаевтың нағыз патриот екеніне көзім жетті. Өзім Қ. И. Сәтбаев сияқты білімді, алғыр болғым келеді. Көп ізденісте болып, Отанымның дамуына мен де еңбек еткім келеді!
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Т. 7: Н-С, Алматы, 2005-728 б.
Қаныш аға: жеке тұлға өмірбаяны/Алматы: жазушы, 1989-400 б.
Тарихи тұлғалар/ Алматы: Алматыкітап, 2006-37 б.
Қаныш Сәтбаев-сән қырлы ғалым/Қазақ тілі мен әдебиеті. 2005-Б. 98-99
Интернет ресурстар
Страницы: << < 3 | 4 | 5