Сабақтың тақырыбы: Cүт тағамдары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға сүт тағамдарын түсіндіре отырып, ненің қайдан алатындығын пайдасын, технологиясын, сүт атауларын үйрету.
2. Дамытушылық: Топтық түрде білім алуға баулу, жазбаша тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау дағдыларын, оқушылардың дүниетанымын, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, бір - біріне қамқор болуға тәрбиелеу. Сүттің пайдасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы жетілдіру, сөйлесім сабақ.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар, жазбаша, ауызша, жеке, топтық, жұптық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, тапсырмалар, жауапшалар, көрнекілік тағамдар суреттері
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, орыс тілі, математика.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мотивациялық трениг. (психологиялық ахуал)
(Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды).
Қайырлы күн, жер ана!
Қайырлы күн ,көк аспан!
Қайырлы күн, маған!
Қайырлы күн, саған!
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, мұғалім !(орындарына отырады)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (ұлттық тағамдар)
1)"Ыстық орындық" әдісі (әр топтан 1 оқушы шығады, сұрақтар арқылы суретті анықтайды)
Суреттер: бауырсақ, бесбармақ, манты
-Бұл ұлттық тағамы ма?
-бұл ет тағамы ма?
-бұл қой етінен жасалды ма?
-Бұл тәтті ме?
-Бұл ақ па?
-Бұл сары ма?
-Бұл нан тағамы ма?
-Бұл үлкен бе?
2)Септік жалғауларын қайталау. (әр топтақа 1 сөз беріледі, олар сол сөзді ауызша септейді) Сөздер: тағам, тамақ, сусын, шұжық.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>