Қазақтың ұлттық киімдер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: "Ұлттық киімдер"
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдері туралы толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту.
2. Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
3. Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі, мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Грамматика:Фонетикалық талдау, сөздерді жіктеу, сөйлем талдау.
Сабақтың өтілу түрі:
Интерактивті сабақ, қорытынды сабақ, сайыс сабақ.
Оқытуәдісі:
Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Әдебиет, тарих, этнография.
Көрнекіліктері:
Интерактивті тақтадабейнеленген әр ұлттың ұлттық киімдері, қазақтың ұлттық киімдері (шапан, камзол, сәукеле, тұмақ. б) және қазақтың ұлттық киімдеріне жасалған буклет, дидактикалык карточкалар, видеоролик.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу
Сабақты әнұранды орындаумен бастау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз ұлттық киімдермен танысамыз.
Бүгінгі сабақтың мақсаты алған мағлұматтарымызды есімізге түсіре отырып, білімімізді бекіту, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрену және сөздік қорымызды дамыту.
Үй тапсырмасын сұрау.
Қазақ халқының салт-дәстүрінен шағын көрініс.
(Оқушылар өздері қазақтың салт-дәстүрлеріне шағын көрініс дайындайды. Мысалы "Құдатүсу", "Беташар")
Ескетүсіру:
Интерактивті тақтадан өткен тақырып бойынша слайд арқылы қазақтың ұлттық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: