сының қаржы жүйесінің буындарын нақты статистикалық мәліметтермен ашып, сараптамалар жасау.
Диссертациялық жұмыстың алдына қойған негізгі тапсырмалары:
- қаржының мәні, функциялары және рөлі;
- Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымы функционалдық қызметі;
- Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы;
- Қаржы жүйесі құрылымындағы мемлекеттік бюджеттің орны және бюджет жүйесінің құрылымына сипаттама;
- Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыру көздері мен шығысын экономикалық талдау;
- Жергілікті бюджеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдау;
- Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымының стратегиялық даму мәселелері;
- ҚР қаржы жүйесінің орта мерзімді перспективада құрылымдық өзгерісінің басымдықтары.
Зерттеудің пәні болып - қаржы жүйесін қалыптастыру және оның буындарын қалыптастыру, жергілікті бюджеттің тұрақты дамуын ынталандыру экономикалық қатынастары табылады.
Зерттеу обьектісі болып – Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы табылады.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі отандық және шетелдік ғалымдар мен тәжірибешілердің Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің негіздері туралы еңбектері қолданылды.
Қорытындылар мен ұсыныстардың нақтылығын қамтамасыз ету базасы болып – Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілері, Қазақстан Республикасының Статистикалық Агентігінің және Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасының есеп-қисап мәліметтері, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінң бағдарламалық және нормативтік құжаттары, Қазақстан Республикасының Есеп комитеті, монографиялық оқулықтар, ағымдағы басылым және анықтама материалдары, ғылыми-тәжірибелік конференция матералдары табылады. Алға қойылған тапсырмаларды орындауда, диссертацияда мон
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>