бекітілген нысаны. Мемлекеттік бюджетті Парламентпен бекіту бюджетке заңдық күшті береді. Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны мемлекеттің функцияларымен анықталады, яғни оның ішіндегі маңыздысы өндірістік қатынастардағы қайта өндіру, мемлекеттің дамуы. Мемлекеттік бюджет өз алдына сала болады, оның бөлінуі қоғамдық өндірісті орталықтандырылған ақша ресурстарына мұқтаж болуынан.
Ақшалай қаржыландыру орталықтандыру елдің масштабтық экономикада үздіксіз қорлар айналымын қалыптастыру және қамтамасыз ету болып табылады. Нақты кезеңде мемлекеттік бюджеттің ерекше сипаты болып ұлттық табысты қайта бөлу болып табылады. Ұлттық табысты қайта бөлу мына бағыттарға жұмсалады:
өндірісті ұлғайту шығындары;
жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорларды қалыптастыру;
басқарудың шығындарын жабу;
ағарту шығындары;
денсаулық сақтау;
мемлекеттік және әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамтамасыз етуді ұстауға қорларды қалыптастыру;
мемлекеттік шекараларды қорғау шығындары;
елдің қарулы күштерін ұстау шығындары;
интеграциялық даму шығындары және т. б.
Мемлекеттік бюджет мәні мынада: мемлекет экономиканың болашағы бар салаларын, ҒТП бағдарламаларын қаржыландыру, сонымен қатар мемлекеттік күрделі қаржыландыру тұтынысын ұлғайту, тұтыну нормасын көтеру арқылы дамуды ынталандыру болып табылады. Нақты кезеңде бюджет монополистік бағамен, монополистік табысты, яғни монополистің өніміне бағаны бекіту, салық жеңілдіктерін мемлекеттік субъектілер және т. б. пайдаланады.
Бюджет өзінің қалыптастыру процесінде дамудың 4 стадиясынан өтеді:
- бюджеттің толықтығы;
- бюджеттің бірлігі;
- бюджеттің нақтылығы;
- бюджеттің ашықтылығы.
Бюджеттің толықтығы – бюджеттің толықтай табыстар мен шығындардың енуі. Бюджет және салық заңына сәйке
Страницы: << < 56 | 57 | 58 | 59 | 60 > >>