Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  55 | 56 | 57 | 58 | 59  >  >>

ын бюджеттің кірістерін құрайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары, салықтар мемлекеттің шығындары, мемлекеттік несие, мемлекеттік зайымдар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттік негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтанған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет» туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың механизмінің бірі. Ол экономикаға бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекет және барлық меншік субъектілермен, жеке тұлғалармен орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру, жалпы мемлекеттік тапсырмалар мен функцияларды орындауға бағытталатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Мемлекеттік бюджет арқылы қоғамның орталықтандырылған ақша қаражаттары қалыптасады және пайдаланады. Мемлекеттің мемлекеттік бюджеті арқылы өндірістік және өндірістік емес салалар, шаруашылық субъектілері аймақтарының ақшалай қаражаттарын қайта бөлінуі ұйымдастырылады.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттік кірістер мен шығындардың нақты мерзімде жасалған, заңдық тәртіпте

Страницы: <<  <  55 | 56 | 57 | 58 | 59  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: