Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  22 | 23 | 24 | 25 | 26  >  >>

ы және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар- қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны. Олардың қалыптасу көздері: арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар; бюджеттен берілетін субсидиялар; қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары; ерікті жарналар және қайырмалдықтар.
Мемлекеттік кредит- мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.
Қаржы жүйесіне жиі сақтандыруды да жатқызады, бірақ көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.
Сақтандыру-шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының кірістеріндегі ысыраптарды өтеуге арналған ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы, оның қатысушылары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Сақтандыру - айырықша өзінің буындары бар сфера: әлеуметтік сақтандыру, жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру және т. б.
Үй шаруашылығының қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Азаматтар өзінің ақша өаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаоруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды.
Бұл сан-ал

Страницы: <<  <  22 | 23 | 24 | 25 | 26  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: