Өлкетану факультатив . 5 "Ә" сынып
Сабақтың тақырыбы: "Қазақстан - Ұлы Дала елі"
Сабақтың мақсаты: Қазағымның кең байтақ елі мен жері бар. Рухани жаңғырудың жарқын жолы. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың - табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар
Көрнекіліктер: ноутбук,рухани жаңғыру аясында буклеттер,баннерлер, суреттер, т/б
Әнұран орындалады.
"Қазақстан - Ұлы дала елі" болашаққа бағдар, рухани жаңғыру аясында.
Тәуелсіздіктің жолында ақ найзаның ұшы мен,ақ білектің күші мен талай сынға түсті. Найзадай намыс оты қайралды. Асқақ рухымыз нешеме жаншылды. Бір сөзбен айтқанда күшті сенім шынайы иман қабыл тілек біздерді тәуелсіздікке жеткізді. Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Монолог. Әдебиеттік монтаж. Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы Шаңырағы биік болып қазақтың Қисаймасын берік болсын уығы . Жеткен арман - жаса Тәуелсіздігім Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына, Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
Тәуелсіздік - бақыты ғой елім
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>