Тақырыбы: "Қазақстан ұлан байтақ кең далам"
Сахнаға екі жүргізуші шығады. 
1-жүргізуші: Менің елім - Қазақстан ,жүрегім,
Тек өзіңсің, Отан Ана , тірегім. 
Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім. - дей келе 
Құрметті қонақтар, ауыл тұрғындары сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Қайран ерлер ,қаһарман ардагерлер " шығармашылығының "Қазақстан ұлан байтақ кең далам" атты фестивалға қош келдіңіздер! 
2- жүргізуші: Менің елім- Қазақстан, Отаным,
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын. 
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,
Арта берсін абыройын, атағың. 
 1- Жүргізуші: Жаса елім, жаса достық, бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен. 
Елім менің- Қазақстан, Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен. 
 "Келіншек" күйі орындайтын ансамбль. 
 2- Жүргізуші: Сен неткен, Отан Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім. 
Болашақ ұрпағының бақыты үшін
Жайнай бер , ұлы Отан қазақ елім!
 сөзіне жазылған ән "Ақ баян" орындайтын Естайлақова Алтынай. 
 сөзіне жазылған термесі "Сүгір" орындайтын Мұқашова Аида. 
 1- Жүргізуші: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
 Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің. 
 Бүгінде бар әлемге даңқың жетті ,
 Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
 күйі "Аманкелді дүбірі" орындайтын Өтегенова Нұрсұлу. 
 "Папури" орындайтын Әжелер тобы. 
 2- Жүргізуші: Оянады көңілден асқақ арман,
 Бақыт желі ескендей жайлап алдан. 
 Президентім бар менің , елі түгел
 Ақ кигізге көтеріп сайлап алған. 
 Халық әні "Мұқида шайбан" орындайтын Талғат. 
 
 Көркем сөз. Хамитбек Мұсабаев " " орындайтын 
		Страницы: 1 | 2 > >>
