тарлық, демократиялық, зайырлы, құқықтық және президенттік басқару нысанындағы әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылады.
Бүгінгі күнде Қазақстанда шамамен 130 ұлттың өкілдері өмір сүреді. Бұл 17 миллионнан астам адам. Қазақстанды мекендейтін барлық халықтар теңқұқылы. Конституция бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады (7-бап, 1-тармақ). Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады (7-бап, 2-тармақ). Бірақ бұл басқа тілдердің маңызы төмен деген сөз емес. Еліміздің әрбір тұрғыны өзі қарым-қатынас жасағысы келетін тілді таңдай алады.
Әр халықтың өз салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тілі бар. Ал біздің мемлекетіміз Қазақстан халықтарына олардың өз ана тілдерін сақтауына және оқып-үйренуіне жағдай жасауды уәде етеді (7-бап, 3-тармақ). Республикамызда ұлттық мәдени орталықтары, театрлар мен өзбек, ұйғыр, тәжік, украин және басқа тілдерде мектептер жұмыс істейді (19-бап, 2-тармақ). "
Жаңа тақырыпты бекіту:
1. Келесі тапсырма.
Тақтаға назар аударыңдар. Сендердің алдарында Қазақстан Республикасының Конституциясынан кейбір алынған баптар. Берілген баптар мен тармақтарға мәтіннен сәйкес сөйлемдерді табу.
1. 7-бап, 1-тармақ
Қазақстан Республикасындағы мемелекеттік тіл - қазақ тілі. (ҚР Заңы)
Конституция бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. (мәтін бойынша)
2. 7-бап, 2-тармақ
Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. (ҚР Заңы)
3. 7-бап, 3-тармақ
Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. (ҚР Заңы)
Қазақстан халықтарына олардың өз ана тілдерін сақтауына және оқып-үйренуіне жағдай жасауды уәде етеді. (мәтін бойынша)
4. 19-бап, 2-тармақ
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдала
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>