Тақырыбы: «Қазақстан кеше, бүгін, ертең»
Мақсаты: а) ХҮІІ - ХХ ғасырда болып өткен тарихи оқиғаларды жүйелеу:
б) Елін, жерін сүйетін, өз елінің тарихын білетін ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу;
Міндеті: Оқушылардың тарихи , сыни көзқарастарын қалыптастыру, өз көзқарастарын жеткізе білу, өлкедегі оқиғалармен басты мәселелер – оқушыларға да қатысты екенін сезіндіре білу, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу;
Түрі: Қорытынды – қайталау сабағы
Әдісі: Ауызша журналға шолу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
І. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің сөзі: Эксклюзивті – интервью:
- Қазақстан қандай оқиғаларды басынан өткерді?
Тәуелсіздік, бұл халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы еді. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашанда бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Алайда кең - байтақ жерінде мамыражай тіршілік кешкен бейбіт елге көз алартушылар көп болды.
Өткен жылдар өткен жоқ, санада тұр,
Талай сауыт тоздырды дала батыр, - деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, солардың бәріне халқымыз қарсы тұрып, тосқауыл бола білді.
Қазақ халқының басынан кешіргені орасан зор. Бүгін біз сабағымызда халқымыздың басынан кешкен ірі оқиғаларына тоқталмақпыз. Сабағымызды «Қазақ елі» деп аталатын ауызша журналымызды шолудан бастаймыз. Осы аталып өткен оқиғаларды журнал беттері арқылы тағы бір естерімізге түсірейік. Мазмұнымен танысып өтелік.
Мазмұны:
Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес
«Елім деп өтті ерлерім» (1916 ж. ұлт – азаттық көтеріліс)
«Ұлы жұт» (1931-1933 жж. )
«Ұлттық намыс» (1937-1938 жж. )
«Ер есімі – ел есінде» (1941-1945 жж. )
« Ешкімде, ешнәрседе ұмытылмайды » (1986 ж. желтоқсан оқиғасы)
«Азаттықтың ақ таңы» (тәуелсіздік жылдары)
Мұғалімнің сөзі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>